Созақта қасқыр қаптап жүр (видео)

460

Созақ ауданында түз тағысы көбейіп, жаппай малды қырып жатыр. Қолында қаруы жоқ шаруалар осылай деп, жергілікті биліктен көмек сұраған. Өйткені, соңғы екі жылдан бері жыртқыштарды ату жұмыстары жүргізілмей, екі жүзге тарта төрт түлік бөрілерге жем болыпты. Алайда, аудан басшыларынан қайран болмаған соң ауылдағы әуесқой аңшылардың өздері қасқырды аулауға шықты.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=toX1ZqZ8ygQ[/youtube]

Ал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қазіргі таңда қасқыр атуға қажетті қаражат қарастырылмағанын айтады. Сондықтан олардың көзін жою тек шаруалардың өзіне байланысты екен. Қорадағы төрт түлігі үшін әр малшы өзі қамданбаса болмас дегенге саяды жауаптары.

Бұл жолы олжалы қайтқан малшылар енді бұл бастаманы тоқтатпақ емес. Олар өзге елді мекендердегі шаруаларды да үгіттеп, мал-жанын қасқырдан қорғаумен өздері айналыспақ.