Сырдария тасуы мүмкін

559
фото Ашық дереккөз

Сырдариядағы су деңгейі көтерілуі мүмкін. Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Сондай-ақ, Шардара су қоймасынан босатылатын су көлемі артуы мүмкін. Айта кетейік, қазірдің өзінде Қызылорда облысында 40 шақты үй су астында қалды.

су тасқыны қаупі бар
су тасқыны қаупі бар

Қызылорда облысындағы Жайылма ауылында 40 шақты үй су астында қалды. Қазір ондағы тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілген. Сондай-ақ, Жаңақорған кентін де су басу қаупі бар. Жыл сайын жергілікті тұрғындарды әбігерге салатын Сырдария өзенінің тентек мінезіне биыл қар мен жаңбыр қосылды. Қаратаудан еріп аққан қар суы көшелерді көлге айналдырды. Аудан орталығындағы көшелер мен қора-қопсыны су басып қалды. Әзірге баспаналар аман. Халық үйге су кіргізбеу амалын жасап әлек. Дегенмен, үйінен шыға алмай отырғандар да бар.