Сырдың суы тасып, жылқы үйірімен қырылды

1212

 

20140215_180638

20140215_180642

Бұл — Арыс қаласына қарасты Байырқұм елдімекені маңындағы Сырдария өзенін жағалай орналасқан Күнтай тоғайы. Жергілікті жұртшылықтың айтуынша, мұнда Байырқұм мен Достық елдімекендерінің малдары қыстайтын көрінеді. Ақпанның алтыншы жұлдызында кешкісін өзен суы көтеріліп, тоғайдағы көптеген жылқы суға кетіпті. Ауыл халқының сөзіне көз жеткізу үшін тоғайды аралап, үйір-үйір жылқы жайылып жүрген тұсты бетке алдық.

20140215_174849

20140215_175005

20140215_175256

Расын айтсам, жол үстінде тоғайға кіргеніме қатты өкіндім. Өйткені, өздеріңіз суреттерден байқағандай, көк мұздың үстінде келеміз. Әр қадам жасаған сайын аяғымның асты шытырлайды. Бойымды қорқыныш билеп алған. Байырқұмға келерде бұл сапарым соншалықты қауіпті болар деп ойламап едім. Оның үстіне аяғыма кигенім — жеңіл қара етік. Онымен қалада қысты амалдап өткізуге болатын шығар, бірақ, мұз кешуге шыдамастай.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2xgmBgcQMok[/youtube]

Айтпақшы, оншақты адамбыз.  Қасымда «Бірінші Еуразия» арнасының Шымкенттегі телеоператоры Еркін Оразбаев бар. Қалғандары — жергілікті тұрғындар. Яғни мал иелері. Олардың жүзінен еш үрей көрінбейді. «Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» деп осындайда айтқан болса керек халқымыз.

20140215_174943

Мынаны қараңыз, су жылан мұзға қатып өліпті. Жыланның аязға үсіп өлгенін бұрын-соңды көрмек түгілі, естімеп едім. Иә, жүре берсең, көре бересің деген осы шығар!?

20140215_175753

20140215_175738

Ауылда өскен бала едім. Жылқылардың жайылымы ондаған шақырымдарға созылатынын қалай есімнен шығарып алдым екен? Сенесізбе, көк мұзда көлденеңдеп 2 шақырымнан аса жүрдік. Тоғай қалыңдай бастады. Аяқ жолдың кейбір жерлерінде мұз сынып, тобықтан келер су шықты. Амалдап кешіп өтудеміз. Сондай бір кедергіден өтер шақта қасымда келе жатқан Байырқұм ауылының тұрғыны Оңғар аға тайып құлап, басынан жеңіл жарақат алды. Қолымды созып едім, лл бас тартып, әрмен қарай бармайтынын білдірді.

20140215_180538

20140215_180646

Ал менің шегінерге хақым жоқ. Алдымдағы ағаларға ілесіп келем. Бізді бастап алпыстағы Батырбек аға келеді. Оның жүрісіне қарап, жасы алпыстағы ақсақал деп айту қиын. Жастарға жеткізбей келеді! Жан-жағыма көз салып,  Сырдария суы тоғай ішінде 2 метрге жуық көтерілгенін аңғардым. Себебі, ағаштардың бел тұсында қатқан мұздар қалып қойған. Құдды қала көшелеріндегі, саябақтардағы орындықтарға ұқсайды.

20140215_182017

20140215_181621

20140215_181934

Тәй-тәй басып, өмірге алғашқы қадам жасаған сәбидей жүріп келе жатқанымызға бір жарым сағат болды. Алдымыздан қарқылдаған қарға үні естіле бастады. Соған қарағанда жақын жерде мал өлексесі бар деп ұйғардым мен іштей.

Иә, мен қателеспеппін. Мынаны қараңыз, көк бие жатыр көк мұздың астында дөңкиіп. Аяқтары сыртта қалған. Енді бір буаз биенің ішін жарған шибөрілері құлынын жеп кетіпті.

20140215_182704

20140215_182759

Байырқұмдықтар «Биелеріміздің дені буаз еді. Алдағы екі аптада туу керек болған» дейді. Біз келген жерде шамамен оншақты жылқының өлігі жатыр. Кейбірінің тек басы мен аяғы қалған.

20140215_182718

20140215_182810

20140215_182739

20140215_182857

Ауыл адамдары мұздарды жарып еді, адамның жағасын ұстатар көрініске тап болдық. Мынаны қараңыз, бие құлынын бауырына алып өліпті. Мұны көрген ағалар «Бейшара жануар кейбір көкек аналардан асыл екен-ау» десті.

20140215_183224

Малшылар нақты шығын көлемін айта алмай отыр. Өйткені, мұз астынан жылқылардың өлігін түгелдей табу мүмкін емес. Тіпті, кейбірінің денесі қайтқан сумен өзенге ағып кетуі де мүмкін дейді олар. Айтуларынша, тоғайда үш үйір жылқы болған. Яғни шамамен 60-қа жуық. Оның үш-төртеуін қиналып жатқан жерінен сойып алыпты. Қалғандары арам қатқан.

20140215_182821

Біз тоғайдан шыққанша қас қарайды. Қараңғыда  мұз үстінде жүру одан сайын қиындай түсті. Оның үстіне дария суы көтеріліп, мұз үстіне шығыпты. Арамызда 2-3 адам құлап та қалды. Олардың ішінде мен де бармын. Қатты мұз оң қолымның терісін сылып жіберіпті.

20140215_195957

20140215_195949