Жерасты өткелдерінің қызметін пайдалану кейінге шегерілуде. 56 миллион теңгеге салынған нысандардың шарапатын жолаушылар көре алмай отыр. Мәселен, «Бекжан» базарының маңындағы жерасты өткелімен өту мүмкін емес.
Жауын-шашында өткел суға толса, ақ қарда көк мұзға айналады. Кезінде бөлінген қаржыны «Береке» ЖШС гі бөліп алып, құрылыс жүргізген-ді. Ал бүгінде пайдаға жаралмай отыр. Өткелдің мәселесі қала тұрғындарын ғана емес, басшыларды да алаңдатып отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ihYGBpniU9M[/youtube]