Украиналық өнімдердің бағасы шарықтап тұр

392
Кәмпиттердің бағасы 2000 теңгеге дейін барған

Украинадағы дүрбелеңнің әсері бізде де сезіліп отыр. Сол елден Қазақстанға тасымалданатын өнім бағасы біршама қымбаттаған. Украинадан бізге, негізінен, кәмпиттер мен кондитерлік, сүт өнімдері импортталады.

Кәмпиттердің бағасы 2000 теңгеге дейін барған
Кәмпиттердің бағасы 2000 теңгеге дейін барады

Қала базарларында көзге ұратын украиналық өнімдердің қатары азайған. Тіпті саудасы қызу жүретін тәттілердің тұтынушыларын да кездестірмедік. Базар сатушылары мұны Украинадағы дүрбелеңнен көріп отыр.

Болат Аңдақұлов, базар сатушысы: «Украиналық өнімдердің барлығы қымбаттаған. Кәмпиттерінің бағасы да. Мәселен, кәмпит-шоколадтары 500 теңгеге қымбаттады. Арзан кәмпиті мүлдем жоқ.»

Украиналық кәсіпорын өкілдерімен тығыз жұмыс жасайтын біздің кәсіпкерлер де жағдайды жасырған жоқ. Дүкен иесі Алма Ержанова 1 айдан бері сауда сөрелерінің сәні болып тұратын тауардан көз жазып қалыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=q-2G1MhoKuc[/youtube]

Алма Ержанова, дүкен иесі: «Бұрынғыдай тасымал жоқ. Ең жақсы тәттілер – украиналық «Рошендер» ғой. Қарапайым халықтың сүйікті дәміне айналған «Корловка» кәмпит-шоколадтары, тіпті, фирмада да жоқ екен. Келмей жатыр. Кәмпиттер мен шоколадтардың бағасы 40 пайызға, печеньелері де сол бағаға көтеріліп отыр.»

Украинадан сүт өнімдері де елге 1 айдан бері келмеген. Тауар тапшылығын пайдаланған сауда орындарының басшылығы сол елден тасымалданатын тауарлдардың бағасын қымбаттатыпты.

Марал Қымбат, қала тұрғыны: «Қымббатшылық қой. Тек Украиналық өнімдер ғана емес, Қазақстаннан шығатын тауарлар да қымбаттады. Біз қиналып жатырмыз.» 

Кәмпиттер

Ольга Семенова, қала тұрғыны: «Кеше мен дүкенге барып кәмпит сатып алайын десем, бағалары шарықтап тұр. Украиындық өнім – 2000 теңгеден. Таңдау да аз. Өзімнің қалаған шоколадтарымды таппадым.» 

Украиналық өнімдер Қазақстанға келмей жатыр
Украиналық өнімдер Қазақстанға келмей жатыр

Украинадағы ахуал қалыпқа келмейінше, жерлестеріміз Тарас Шевченко елінен келетін қалаған тәттілерін тұтынуы екіталай. Есесіне, бұл жағдай отандық өнімге деген сұранысты арттыратыны анық.