Қамардин Бектұрсынұлының туғанына – 77 жыл

1045
Қамардин Бектұрсынұлы

«Дәуірімнің мен мәңгі құрдасымын» деп жырлап өткен Қамардин Бектұрсынұлының туғанына биыл 77 жыл толды. Осыған орай қаламгердің ұл-қыздары мен оқырмандары әдеби кеш өткізіп, ақынды еске алды. Жалпы жұртқа есімі кеңінен таныс болмағанымен, ауылда қара жаяу жүрсе де қаламын жанына серік еткен Қамардин Бектұрсынұлы қазақ әдебиетіне өзіндік үлесін қосып кетті.

Әдеби кеш
Әдеби кеште қаламшердің туыстары  мен оқырмандары жиналды

Қаламгер Қамардин Бектұрсынұлы өмірінің соңғы сәттерінде де жыр шумақтарын жазып, қаламынан көз жазған жоқ. Өлеңнің сыры ақынға ғана емес, бүгінде оны ой түйсігімен қабылдаған оқырмандарына да аян. Кітапхананың бөлмесіне жиналғандар арасында әдеттегідей танымал қаламгерлер болмады. Тек туыстары мен оның шығармасышылығымен таныс оқырмандар жиналды.

Еске алу кеш кітапханада өрбіді
Еске алу кеш кітапханада өрбіді

Майя Базарбаева, оқырман:»Бұл кісінің өлеңдері аз болса да мән-мағынасы тереңде жатыр. Қамардин Бектұрсынұлының кітабын сүйіп оқымау мүмкін емес. Жалпы, қай өлеңін алып қарасаңыз да ішінде тұнып тұрған тәрбие, адамға рухани азық беретін кең ауқымды сөздермен жазған.»

Ақынның 6 бірдей жыр кітабы жарық көрген
Ақынның 6 жыр кітабы жарық көрген

Туған жерін шексіз сүйген ақын 1937 жылы Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылында туған. Патриоттық тақырыптағы шығармалардан бөлек адамдықтың бағасын да өз еңбектеріне арқау еткен қаламгер дейді үзеңгілес достары.

Қарлығаш Бектұрсынова
Қарлығаш Бектұрсынқызы

Қарлығаш Бектұрсынқызы, қарындасы: «Өзінің туған жерін, ата-анасын қатты қадірлеп сүйгендіктен болар, ол кісі алысқа ұзап шыға қойған жоқ. Кезінде Шәмші Қалдаяқов, Исрайл Сапарбай сынды атақты кісілердің көбісі қызметке шақырып жатқанмен, ол кісі өзінің туған елін қимай, осы Шұбарда жүріп, осында өмір жолын жалғастырды. Өте қарапайым еді. Ешкімнің көңілін қалдырмауға тырысатын.»

Қамардин Бектұрсынұлы КСРО және ҚР жазушылар одағының мүшесі болды. Өзінің ғұмырында оқырманға 6 жыр кітабын жолдады. Абайдың қара сөздерінің ізімен ерлерге 40 өсиет сөз қалдырған ақын 66 жасында өмірден озды. Ақынның жырлары ізбасарлары мен шығармашылығмен таныс оқырмандары барда әрдайым биіктен көрінбек.