Қошқар ата өзені маңына көшет егілді

911

«Табиғатты аялайық» акциясы аясында өңір белсенділері дүниежүзілік ағаш отырғызу күнін атап өтуде. Көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Қошқар ата өзенінің маңына 600 жас көшет егіліп, көгалдандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Қолдарына күрек пен шелек ұстаған белсенделердің көңіл-күйі көтеріңкі. «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы ұстанғандар жастар шыбықты отырғызып қана қоймай, қамқор болуға бел байлап отыр. Екінші курстың студенті Шолпан Оразбаева жасыл желекті қала атауын сақтап қалу үшін ағаш отырғызу акциясын жиі ұйымдастыру керек деп ойлайды.

Көшеттер қаладағы дендрологиялық саябақтан алынған. Шынар ағашы, қарағаш, арша секілді көп жыл өмір сүретін талдар енді Қошқар ата өзенінің маңында бой көтереді. Осылайша жаңа демалыс орны жасыл аймаққа айналады деген жоспар бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YP1DZ5P3f1Q[/youtube]

Акция аясында отырғызылған 600 көшет өңіріміздің климатына қарай таңдалыпты. Мұнымен ағаш отырғызу аяқталмайды. Қошқар ата және Арыс өзендерінің бойына тағы да 7 мың жас көшет отырғызылады.