Өзбек мәдени орталығында форум өтті

383

Мәңгілік ел – ұлтаралық татулықтың кепілі. Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек мәдени орталығы ұйымдастырған конференция осылай аталды.

Татулықты ту еткен өзге ұлт өкілдерінің басын қосқан жиында зиялы қауым өкілдері мәңгілік ел идеясы төңірігенде сөз қозғады. 18-сәуір күні Астанада өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясы алдындағы конференция барысында елімізде құрылған ассамблеяның рөлі мен маңызы талқыланды.

Жиналғандар өзге елдерге үлгі көрсетіп қана қоймай, бірліктің бірегей моделін қалыптастыра білген ассамблея барда ынтымақтың іргесі сөгілмейді десті.

Икрам Хашимжанов, ОҚО өзбек мәдени орталығының төрағасы: «Форумға облыстың барлық аудан-қалаларынан делегаттар келді. Форум аясында жастарды бір шаңырақ астында айрандай ұйып отырған Қазақ елінің ұстанымымен таныстыру шарасы да ұйымдастырылды. Біз – қазақстандықтар, еліміздің әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан  көріну үшін аянып қалмасымыз анық.»