«Әдебиет автобусы» жолға шықты

530

Бүгінгі халықаралық кітап күніне орай облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы «Әдеби автобус» шарасын ұйымдастырды. Кітапханашылар бағыттағы қоғамдық көлікке мінген жерлестерімізге әдеби шығармалардан сұрақтар қойып, жеңімпаздарға сыйлық үлестірді. Ал жолаушылар жергілікті қаламгерлердің өлең-жырларын оқып берді. Мәдени ошақтың тұрақты оқырмандары соңғы рет оқыған кітаптарын өзара талқылап, кейіпкерлерді таразылады. Бүгінде облыстық жасөспірімдер кітапханасының 140 мыңнан астам кітап қоры бар. 2 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шара оң нәтиже беріпті.

Оқырмандар ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды
Оқырмандар ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды

 

Жанат Төлтебаева, облыстық жасөспірімдер кітапханасы мерзімдік басылым бөлімінің сектор меңгерушісі: «Өткен жылы осы «Әдеби автобусқа» мінгендер бірінен-бірі естіп, кітапханаға келіп жатты. Қатты қуандық. Енді биыл да солай оқырмандар кітаптарды іздеп келер болса,  нұр үстіне нұр болар еді. Біз бұл автобуспен шектелмейміз, мектептерге барамыз, университет-колледждерге барып, кітаптар оқып береміз. Түрлі тақырыптарда акциялар өткіземіз. Және  біздің кітапхананың мекенжайы жазылған парақшалар таратамыз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CL7bc5aPEAE[/youtube]

Мақсат Орынтай, жолаушы: «Шынымды айтсам, таң қалдым. Әдеттегідей, жұмысқа асығып, автобусқа мінсем, мынадай үлкен іс-шара өтіп жатыр екен. Қуана қатыстым. Маған сұрақтар қойды. Жауап бердім. Сыйлықтар алдым. Кітапханаға жиі барамын. Ең соңғы рет Мұқағалидың өлеңдерін оқып, жаттағанмын. Ал автобуста кітап оқымаймын қазір. Бұрындары студент кезде қоғамдық көлікте тапсырмаларды оқып, жиі қайталап отыратынмын.»