Ақша айырбастау орындарында валюта бағамы өзгеріссіз

655
валюта айырбастау орындарының саудасы жүріп жатыр

Гүл сататындардың бизнесі доллар мен евроның бағамына тәуелді. Өйткені олар гүлдердің басым бөлігін Алматыдан жеткізеді. Ал алматылық көтерме саудадағылар гүлді Голландиядан евроға сатып алады.

Азиза, сатушы: «Голландиялық раушан гүл мен лилияларға баға көтерілді. Өйткені көтерме сауда бағасы да артқан. Оған мына жалға алған орнымыздың төлемін де есептеңіз.»

Гүлдердің бағасы  өсті
Гүлдердің бағасы өсті

Баға көтерілсе де тұрғындар гүлдерді сатып алуда. Мәселен, Мария құрбысын гүлмен құттықтамақ.

Мария, тұрғын: «Сатушыларға кінә тақпаймын. Олар бағаны көтеруге мәжбүр. Өйткені теңгенің девальвациясынан кейін бағалар шарықтап кетті. Үкіметтегілер жағдайды тұрақтандыруға тырысып бағуда, алайда нарық барлығын реттеп жатыр.»

валюта айырбастау орындарының саудасы жүріп жатыр
валюта айырбастау орындарының саудасы жүріп жатыр

Бүгінде Шымкент қаласындағы валюта айырбастау орындарында доллардың бағамы біршама тұрақтаған. АҚШ-тың ақшасын сатып алу – 182, сату 182,5 теңге төңірегінде, ал евро сатып алу – 250, сату 252,5теңге. Мұндағылар сауда жақсы жүріп жатыр дейді.

Сатушы:» Доллар, евро, рубль – барлығы жақсы сатылуда. Әрине, девальвациядан кейінгі күндермен салыстыруға болмайды. Ол кезде долларға сұраныс жоғары еді. Қазір саудамыз тұрақтады. Өйткені валютаның бағамында да айтарлықтай өзгеріс жоқ.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rTlFoGnwoBc[/youtube]

Айырбастау орындарында қызмет жасайтындар валютаның бағамы жайлы сұрақтардың сейілгенін айтады. Ал тұрғындар болса нарықты реттейтін валюта енді өзгерісссіз қалса деген тілектерін де жеткізді.