Теңгені қолдау үшін интервенция жасалмайды

45

Ұлттық банк теңге бағамы неліктен төмендегенін түсіндірді. Маусымда валютамыз 470 теңгеге дейін, немесе 13 процентке әлсіреген. Бұған негізгі себеп гесосаяси ахуалдың ушығуы. Қазір қаржы нарығындағы жағдай тұрақсыз. Ал теңге еркін айналымда. Сол үшін доллар бір көтеріліп, бір түсіп тұр. Ал теңге бағамын құлдыратпай ұстап тұру үшін интервенция жасалып жатқан жоқ.

Бұдан бөлек, рубль де нығайып келеді. Ұлттық банктің айтуынша бұған мұнай мен газдың қымбаттауы және Ресейге импорттың төмен болуы әсер етіп жатыр. Әрі қазақ-орыс кәсіпкерлерінің сауданы рубльмен жүргізуі де теңгеге сұранысты төмендеткен.

Ұлттық банктің хабарламасында теңгенің алдағы уақытта қалай құбылатыны геосаяси жағдай мен әлемдік нарықтағы ахуалға байланысты болады делінген.Валюталық саясат аясында Ұлттық банк құбылмалы айырбас бағамы саясатын ұстанады. Бұл – теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды және онымен қатар елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді.

Шынар Оразова