Суға тұншығу тыйылмай тұр

798
Арнайы жасақта 63 сүңгуір қызмет етеді

Шомылу маусымы басталмай жатып Оңтүстікте 4 бала суға кетіп, көз жұмды. Ал суға түсу маусымы басталса, құтқарушылардың қызметі қауырт болайын деп тұр. Өйткені өңірде судан құтқару мамандарының назарынан тыс шомылатын жерлер көп. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін құзырлы қызметкерлер түсіндіру жұмыстары мен дайындық шараларын бастап кетті.

Биыл ОҚО-дан 4 бала суға кеткен
Жыл басынан бері облыста 4 бала суға кеткен

Бүгін өткен жаттығу барысында өмір мен өлім арасында арпалысқан екі адамды судан құтқаруға 7 бірдей маман жұмылдырылды. Арнай жасақ оқиға орнына шұғыл түрде жетіп, батып бара жатқандарды құтқарып үлгерді. Бірақ бұл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты суда құтқару қызметінің оқу-жаттығу сабағы ғана.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=AJsE9Abgqxo[/youtube]

Мұрат Төртбаев, облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің оқу және алдын алу жұмыстары жөніндегі аға әдіскері: «Құтқарушылар, негізінен, осы су көздеріне келіп, демалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және шомылуға келіп жүзе алмайтын жас балаларға шомылу тәсілдерін үйретеді. Біздің құтқару стансаларында жылына 30-40 шақты адамды ажал аузынан алып қаламыз. Оларға алғашқы медициналық көмек те көрсетіледі.»

Арнайы жасақта 63 сүңгуір қызмет етеді
Арнайы жасақта 63 сүңгуір қызмет етеді

Қазіргі уақытта судан құтқару қызметінде 63 сүңгуір қызмет етеді. Арнайы техникалар мен құтқару құрал-жабдықтары қажеттінің 76 пайызын құрап отыр. Ал дәл қазір бұл қызмет 7 автокөлік, 36 қайық, 8 моторлы қайығы және ауамен демалу аппараттарымен қамтылған. Жерлестерімізге суға кету жағдайлары мен тілсіз жауға тұншығу қаупі бар аймақтар түсіндіріліп келеді. Өзендерге арнайы түсіндірме тақтайшалары да ілінген.

Жасақта 36 қайық бар
Жасақта 36 қайық бар

Бақытжан Құлмағанбетов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары: «Біздің өткізіп жатқан үгіт-насихат жұмыстарымызға қарамастан 2013 жылы 28 адам суға кетті. Оның ішінде 11-і – жас бала. Айта кететін болсақ, мынау Мақтаарал ауданында, Шардара ауданында, Арыс, Төлеби , Түлкібас аудандарында орын алып жатқан жағдайлар.»

Айта кетейік, облысымызда биылдың өзінде 4 бала суда тұншығып, мерт болған. Мамандар 14 жасқа толмаған жеткіншектердің қайғылы жағдайға тап болуын ата-анасының бақылауынсыз қалғанынан көріп отыр. Осындайды болдырмау үшін облыстық ТЖД мамандары шомылу науқанында азаматтардың қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.