Биыл шегіртке шаршатпай ма?

Облыстық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы шегірткенің көктемгі көбеюіне зерттеуді бастады. Сәуір айының орта тұсында шегірткеге жан бітеді. Жәндіктің дернәсілдерін зерттеген мамандар шегіртке күбішелеріне қарап осыны айтып отыр.

ШегірткеЗалалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін мамандар Сарыағаш, Шардара, Арыс, Қазығұрт және Төлеби аудандарын таңдап отыр. Өйткені, марокко шегірткелері тез көшіп-қонғыш келеді. Сондықтан ат көлігін күні бұрын сайлаған фитосанитарлықтар жұмысты әне-міне бастамақшы.

 

Еске салсақ, 2011 жылы Бәйдібек ауданында шегірткенің үлкен ошағы табылған болатын. Сол жағдай ауылдағы көп шаруаның еккенін еш етіп еді. Мамандар табиғат тажалының кесірінен биыл да сақтану үшін бар жағдайға сақадай саймыз дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QpesezZzFJQ[/youtube]

Талғат Жанбаев, ОҚО «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының» директоры: «Марокко шегірткесінің дернәсілдері жер бетіне сәуір айының 16-нан бастап шығады деп күтілуде. Соған дейін біз көктемгі анықтау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Биыл жоспар бойынша 105 мың 600 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жасалмақ.»