Көпір құлап, 5 мың адам сусыз қалды

532

Қалалық төтенше басқармасының қызметкерлері мен Әл Фараби аудандық әкімдігінің мамандары күрделі жөндеуді қажет ететін көпірлерді түгендеуде. Бірінші болып Бадам өзені бойындағы ауылдарды жалғап тұрған жаяу жүргінші көпіріне көңіл бөлу керек. Осыдан екі бұрын жауын-шашынның кесірінен құлаған көпір бадамдықтарды ауызсусыз да қалдырған болатын.

Жаяу жүргінші көпірі 13-сәуір күні таңертең опырылып қалыпты. Қатты жауған жауын көпірдің тіреуіштерін құлатып,жарамсыз еткен. Салдарынан қалалық су арнасының құбыры да қирап, «Сауле»және «Қазығұрт» шағынауданының тұрғындары тіршілік көзінен қол үзіп қалды.

Дауренбек Қалдыбеков, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы: «Сол кезде 5 мың адам ауызсусыз қалды. Оқиға орнына құтқарушылар мен бірге әкімдіктің мамандары келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізді.»

Ертеңіне-ақ төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу комиссиясының отырысы өтті. Мамандар көпірді қалыпан келтіру жұмыстарын кейінге қалдыруға болмайтынын ескеріп, бірден іске кіріскен.

Күрделі жөндеуді қажет ететін тағы бір жаяу жүргінші көпірі Жангелдин көшесінде орналасқан. Қошқар ата өзенінен ағып келетін судың үстіндегі өткел осыдан 40 жыл бұрын салыныпты. Содан бері бірде-бір жөндеу көрмеген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5B4O4mPSR3s[/youtube]

Халима Нарметова, қала тұрғыны: «Бізге көпір керек. Балалар мектепке көп өтеді. Құлап та қалып жатыр. Жақтаулары сынған. Өзіміз күшімізбен қоршап қойғанбыз.»

Көпірді жаңғырту жұмыстары жазға қарай басталады деп күтілуде. Оған дейін тұрғындарға амалдай тұруға тура келеді.