Мақтааралдықтар гүл өсіруді қолға алды

Раушан гүлінің 4 түрін егумен айналысып жүрген жергілікті кәсіпкер бұл бизнесін 2 жыл бұрын бастаған. Әзірге бір гектарда бапталып жатқан гүл тұқымдары назарға ілікпейтіні рас. Дегенмен, маусым кезінде аудандағы барлық гүл сөрелері осы жердің өнімін саудалайды.

раушан гүл

Көздің жауын алар голландық раушандарды білмейтін жан кем де кем шығар. Нақ осы Голландия мемлекеті мақтааралдық кәсіпкермен бірігіп жұмыс істеуге құмбыл болып отыр. Күнгейдің гүл тамырына қызыққан голландықтар кәсіпкерге осы күннің өзінде 1 миллион түп гүл көшетін сат деп отыр. Өйткені, біздегі гүл тамырын өзгесімен будандастырғанда, сапалы гүл өсіп шығатын көрінеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EGoKdtfDFmY[/youtube]

Болашақта шаруа гүл тұқымбағының ауқымын көбейтуді көздеп отыр. Өйткені, қолда бар жерден маусым кезінде 100 мың көшет қана шықпақ. Ал бұл өз кезегінде Мақтаарал ауданынан артылмайын деп тұр.