Халықтар достығын насихаттаған іс-шаралар басталды

загруженное (1)загруженное (1) 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай облыстық «Отырар» кітапханасының ұжымы мерекелік іс-шара өткізді.

Бүкіл әлем саяси келіспеушіліктерден бас көтере алмай жатқанда, шүкір дейік, түрлі ұлт пен ұлыстың мызғымас мекеніне айналған Қазақ елінде берекелі тірлік көп, мамыражай өмір. Енді осы тыныштықты мәңгілік сақтауға уағдаласқан азаматтарға әннен шашу шашылып, күмбірлеген күй төгілді.

 

 

Алексей Дробот, Украин мәдени орталығының жетекшісі: «Әлемде неше түрлі саяси дағдарыс түрлі мемлекеттерді шаршатып жатқан уақытта біздің елде, Құдайға шүкір, тыныштық. Сондықтан біз тек 1-мамырда ғана бірге болмауымыз керек. Біздегі халықтар достығы өмір бойы жалғасын тапса деймін!»