Жас келіншек жалдамалы пәтерде мерт болды

388
Шұғыл түсірілім

Шымкентте 24 жастағы келіншек иістеніп, көз жұмды.Оқиға сәуірдің 16-нан 17-іне қараған түні 8-шағынауданда орын алған. Ер азамат пен келіншек сонда түнеп шықпақ болып, пәтер жалдапты.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Алайда, түн ортасында келіншек жуыну бөлмесіне кіріп кетеді де жігіт ұйықтап кеткен. Таңертең оянған азамат таныс әйелдің жуыну бөлмесінде жан тәсілім еткенін бір-ақ білген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 24 жастағы келіншек көмірқышқыл газынан уланған болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Қазіргі таңда соы қайғылы оқиға бойынша анықтау шаралары жалғасып жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=l4g_E4OqQfc[/youtube]