15-мамыр – халықаралық отбасы күні

855
отбасы құндылығы насихатталған күн

15-мамыр – халықаралық отбасы күні. Мереке қарсаңында шымкенттік 50 жас шаңырақ көтерді. Қалалық АХАЖ бөлімінде өткен отбасы құндылығын насихаттауға арналған салтанатты шарада жастарға неке куәлігі тапсырылды. Некеге тұру рәсімінің тап осы күнге тұспа-тұс келгенін қуаныш иелері жақсылыққа балайды.

отбасы құндылығы насихатталған күн
Отбасы құндылығы насихатталған күн

Некеге тұрған Марат Чакамбетов пен Алима Жомай да бұл күнді ұзақ күтіпті. Салтанатты жиынға жас жұбайлармен қатарласып, 50 жыл отасқан алтын той иелері де арнайы шақырылған. Қаланың көркеюіне үлес қосқан құрылысшылар отбасы Видякиндер де берекелі шаңырақтың отын сөндірмеуге ант берді.

50 жыл отасқан жұптың жастарға айтары көп
50 жыл отасқан жұптың жастарға айтары көп