Еліміздің жас қылқалам иелері Оңтүстікте бас қосты

881

2014 жылғы 13-17-мамыр аралығында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы облыстық көркемсурет галереясының базасында, жас суретшілердің «Оңтүстік өрістері» атты облыстық симпозиумы өтіп жатыр.

Симпоозиумның салтанатты ашылуы
Симпоозиумның салтанатты ашылуы
Қылқалам иелері
Қылқалам иелері

Симпозиумның мақсаты – облысымыздың талантты жас суретшілерінің бейнелеу өнері бойынша пікірлесу және өзара тәжірибе алмасу, шебер сабақтарын көрсету, Оңтүстік Қазақстан облысының өзіндік табиғи, географиялық ерекшеліктерін және облыс орталығындағы көз тартарлық орындарды бейнелейтін өнер шығармаларын жасау. Бейнелеу өнерінде жаңаша көркем және пластикалық шешімдер мен формаларды іздестіру. Сондай-ақ, жастардың арасында шығармашылық орта қалыптастыру болып табылады.

DSCN2132

DSCN2137

Симпозиумға Төле би, Ордабасы, Бәйдібек, Қазығұрт, Түркістан, Сайрам, Отырар, Созақ аудандарынан, Арыс, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан ҚР суретшілер одағының мүшелері, республикалық байқауларының жеңімпаздары, жас суретшілер шығармашылық бірлестігінің мүшелерінен құралған 20 суретші қатысуда.

Олар – Омаров Арман, Тастеміров Мадияр, Ахаманов Асқар, Сабаев Бақытжан, Бейсбеков Берік, Төлегенов Шоқан, Пернебекова Ақмарал, Бөлеев Жақсыбек, Серіков Қасымбек, Ахметов Дамир, Бертаев Бейбіт, Джартыбаева Жамиля, Маликов Алмас, Уалиев Мамбет, Танатов Аймурат, Балтабаев Тынышбек, Айтқожина Айгүл, Оразаханов Дастан, Кененбай Әлия, Сауытбеков Нұржан.

DSCN2141