Оңтүстіктің журналистері республикалық футбол сайысында үшінші орынды иеленді

279

Астанада журналистер арасында Сейдахмет Бердiқұловты еске алуға арналған футбол турнирі аяқталды. Бұл айтулы сайыс биыл мамырдың 7-інен 10-на дейінгі аралықта өтті. Оңтүстік Қазақстан облысының командасы осы уақытқа дейiн қатысқан емес. Өңіріміздің тілшілері осы турнирге биыл алғаш рет аттанды.

ОҚО құрамасы
ОҚО құрамасы

Бiрден жүлделi орынға ие болу – үлкен жетiстiк. Жерлестеріміз бұл жеңiстерін «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнiң 90 жылдық мерейтойына арнап отыр. «Жарысқа облысымыздың бас газетiнiң атынан қатысқанымызды мақтан тұтамыз. Жоп додасын елiмiздiң бас стадионы – «Астана-аренада» ұйымдастырғаны үшiн Агенттiкке рахмет айтамыз. Футбол мерекесi жоғары деңгейде өттi» дейді Оңтүстік құрамасының капитаны Берік Уәли.

003

007

Турнирге 14 облыс арасынан атсалысқан жалғыз команда – ОҚО құрамасы болды. Яғни, жарысқа елiмiздiң үш мегаполисi ғана өз жүйрiктерiн қосты. Және турнирдегi ең көп доп соққан (14 гол) команда да ОҚО болды. Ең үздiк шабуылшы аталымын команда капитаны Берік Уәли жеңіп алды.

006

 

IMG_2931609250435

IMG_2940842951481

001

Үшінші орын – турнирге алғаш қатысқан команда үшiн жаман нәтиже емес. Жарысқа сонау Созақ аудандық газетiнiң тiлшiсiнен бастап, «Оңтүстік Қазақстан» газетi, «Шымкент келбетi», «Отырар» телеарнасы және «Жебе» газетiнiң журналистерi қатысып, жанын салып ойнады. Жерлестерімізге алдағы уақытта бұдан да биiк белестердi бағындыра беруді тілейміз!