Сарыағаш ауданына спорт кешені қажет

685
Жарыс чемпиондары енді Республикалық сынақта ептілігін сынға салатын болады

Спорт зал қажет. Сарыағаш ауданының спортсүйер қауымы бұл мәселені көтеріп жүргеніне талай жылдың жүзі болған. Жекеменшік жаттығу орындары бар. Бірақ, ақылы. Ал жергілікті спортшылар жарыс өткіземіз десе, спорт кешенін таппай әлекке салынады.

Спорттық зал қажет

"Спорт залымен, арнайы киім үлгісімен де қамтамасыз етсе"-деп армандайды мұндағы спортшылар
«Спорт залымен, арнайы киім үлгісімен де қамтамасыз етсе» деп армандайды мұндағы спортшылар

Қапланбек ауылында спорт мектебі бар. Спорттың 15 түрімен шұғылдануға болады дейді мектеп директоры. Ендігі мақсат – база мәселесін шешу.

Жарыс чемпиондары енді Республикалық сынақта ептілігін сынға салатын болады

Бүгінде Қапланбекте жарыс өтуде. Самбодан облыс біріншілігі. Бұл жолғы турнир самбо күресінен спорт шебері Әліпбек Құлбаевты еске алуға арналды. Жарысқа чемпионның туыстары мен перзенттері арнайы жиналды.

Облысымызда самбо күресі енді ғана қолға алынып келе жатқан спорт түрлерінің бірі

Самбодан қыздар бөлімі Қапланбек ауылында жақында ғана ашылды. Қазірдің өзінде спорттың бұл түрімен шұғылданамын деушілер аз емес. Созақ ауданында да арнайы команда бар. Бұл жолы өзімен 3 палуан ерте келген бапкердің екі шәкірті ақтық сынға жолдама жеңіп алды.

Қыздар арасында Созақтың бойжеткендері топты жарды
Қыздар арасында Созақтың бойжеткендері топты жарды

15-16 жасар палуандар үшін бұл турнир облыс біріншілігінен өз орнын табуға жақсы мүмкіндік. Облысымыздың аға бапкері арнайы іріктеу жасауда.

Зал жанкүйерлерге лық толды
Зал жанкүйерлерге лық толды
Бұл жолғы жарысқа қыздар командалары да белсене қатысты
Бұл жолғы жарысқа қыздар командалары да белсене қатысты

Қапланбек ауылында мұндай турнирлер жиі өтіп тұрса, жергілікті балалар арасында спортқа деген қызығушылық та арта түсер еді дейді Құлбаевтар отбасы. Сол себепті ұйымдастырушылар Әліпбек Хұсанбайұлын еске алуға арналған жарысты дәстүрге айналдырамыз деп отыр. Ал чемпион атанғандар енді ел біріншілігіне дайындығын бастайды.

Сарыағашта спорт залы болмаса да өз чемпиондары бар болып шықты.
Сарыағашта спорт залы болмаса да өз чемпиондары бар

Бұл жолғы жарыс жергілікті колледждің ғимаратында өтті. Оқу орнының басшысы кейде осындай жомарттық жасайды екен. Ал залдың тапшылығы алдағы уақытта шешіледі деседі. Биыл республикалық бюджеттен қаражат та қарастырылған. Құрылыс үстіміздегі жылы басталуы тиіс. Ол дегеніміз – Сарыағаш ауданының спортшылары жақында өз спорт кешенінде жаттығуға мүмкіндік алады.

Жарыс әділ өту үшін облысымыздың беделді төрешілері шақырылды
Жарыс әділ өту үшін облысымыздың беделді төрешілері шақырылды
Самбодан облыс бірінішілігінің қорытындысы бойынша оңтүстік құрамасы жасақталынды.
Самбодан облыс бірінішілігінің қорытындысы бойынша Оңтүстік құрамасы жасақталды