Шарықтасын Шәмшінің асыл әні

306

Шымкентте Шәмшінің әндері шырқалды. Әйгілі сазгердің атында өткен байқауға қаламыздағы барлық колледж студенттері қатысты.

Айта өтейік, жаңа технологиялар колледжінде – биыл мәдениет жылы. Байқауды ұйымдастырғандар да – осы білім ордасы. Әнші жастарды жинап, Шәмшінің елі сүйіп тыңдайтын туындыларын тағы бір шарықтатты. Байқауға қатысушы жастар тыңғылықты дайындықпен келіп, бір-бірінен асып түсіп жатты.

Ән додасындағы ауыр салмақ әділқазылар алқасына түсті. Өйткені, байқауға қатысқан жастар Шәмші Қаладаяқовтың әндерін нақышына келтіріп орындады. Өнер мен білімді қатар алып жүрген жастар доданың екі шартында да шарықтата ән салып, көрермендердің көңілінен шықты.