Шымкентте мыңнан аса үй бұзылуы мүмкін

295
Шымкентте 1000 аса үй заңсыз санитарлық қауіпті жерлерге салынған

Бұл үйлер диаметрі 1 метр және одан да үлкен кәріз жүйесі мен су құбырларының үстіне салынған.

Шымкентте 1000 аса үй заңсыз санитарлық қауіпті жерлерге салынған
Шымкентте 1000 аса үй заңсыз санитарлық қауіпті жерлерге салынған

Тимур Бегімбетов, Санитарлық қорғау бойынша инспекторы: «Қазір жаңадан беріліп жатқан учаскелер солардың үстінен беріліп жатыр. Енді қарап тұрсаңыз учаскелерді беріп тастаған.  Барып ескертеміз. Түсінгендері ара қашықтықты сақтайды».

Су арнасының мамандары «жерден 1 жарым метр тереңдіктегі құбырлар үйдің салмағынан кез-келген сәтте жарылуы мүмкін» деп дабыл қағуда. Бір қызығы, санитарлық қорғау аймағы болып табылатын жерлерде құрылыс жүргізуге рұқсат ететін құжаты бар тұрғындардың қолында. Санитарлық қорғау аймағына, құрлыс жүргізуге берілген құжаттар ҚР заңында жарамсыз деп табылады. Мұндай жерлерге салынған үйлерде су немесе кәріз құбыры жарылса үйлер шайылып, індеттің өршу қаупі бар. Мұның алдын алу үшін, су арнасының мамандары сотқа арызданып, қаладағы 100-ден аса үйді бұзуға сот шешім шығарған. Бір ғана «Солтүстік Батыс» шағынауданыдағы Тәжібай ата көшесіндегі диаметірі 1 метрлік кәріз үстіне түскен 12 үй  иесінің үстінен сотқа арыз түсірген.

Нұржан Таштенов, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі: «Талапкер «Су ресурстары-маркетингі» ЖШС-і талап-арызы қанағаттандырылып, бүгінгі таңда жеті үйді заңсыз салынғанына байланысты, бұзу жайлы шешім қабылданып отыр. Және олар бұзылуға жатады. Ол құрылыс нормаларының талаптары бұзылуына байланысты.»