Балалар армандаған аула бар

898

«Менің арманымдағы аула». Шымкентте осындай тақырыптағы қоғамдық акция жалғасып жатыр. )аламыздағы Төлеген Айбергенов көшесі бойындағы №3 үйдің тұрғындарымен шаһар басшылығы арнайы жүздесіп, талапқа сай ауланың болмысын талдады. Бүлдіршіндер арасында тазалық пен әдептілікке шақыратын түрлі өнер сайыстары ұйымдастырылып, үздіктерді анықтады.

Т.Айбергенов көшесі №3 үйдің тұрғындары
Т.Айбергенов көшесі №3 үйдің тұрғындары
шараға қала басшылығы қатысты
Бұл шараға қала басшылығы қатысты

«Менің арманымдағы аула». «Сүйікті ауламда достарыммен», «Есіктің алды мұнтаздай». Мұндай тақырыптағы тырнақалды туындыларды осы көрмеден тамашалауға болады. Балакөңіл қиялындағы, өзі арман еткен ауланы ақ қағазға бейнеледі. Бұл олардың кішкетай болса да шаһарға деген сүйіспеншілігін көрсетсе керек.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zAI40XV7S0U[/youtube]

Бақдәулет Сейсенов: «Мен қазір ауламды суретке салдым, менің аулам жап-жасыл болсын деп тілеймін. Өте әдемі, далада жатқан қоқыс болса, оны алып, қоқыс жәшігіне тастаймын. Мен өз ауламды өзім жақсы көремін. Мен ауламның суреттегідей болғанын қалаймын және есік алдында әткеншек болғанын қалаймын. Әрдайым ауламыз жайнап, жарқырап, өте сұлу болсын.»

Балалар көрме ұйымдастырды
Балалар көрме ұйымдастырды



«Менің арманымдағы аула» акциясы аясында балалар алаңшада алаңсыз, мәз-мейрам болып жүр. Кішкентай көршілерімен ойынның қызығына батып отыр. Ал өзге де тұрғындар спорттық сайыстардан бәсекеге түсті.

Марат Бақтыгерей, қала тұрғыны: «Мұндай акция қоғамға өте қажет деп ойлаймын. Осындай акция көп болса, бізге де жақсы ғой. Себебі, бала-шаға бәрі ойнап-күліп жүр, лагерьлерге бармаған бүлдіршіндер де бар. Оған жолдама алудың өзі әжептәуір ақша тұрады. Ал қазір есігіміздің алды жайқалып, гүлденіп тұр.»

Жиналғандар есік алдындағы мәдениет пен тазалықты да айналып өтпеді. Ал қала басшылығының сөзіне сенсек, жыл сайын балалар алаңшасының жағдайы жақсарып келеді.

тұрғындар спорттық ойындар ойнады
Тұрғындар спорттық ойындар ойнады

Баһадүр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: «Қазіргі заманауи түрдегі балалар алаңшасын салу қолға алынды. Осы биыл және келер жылы тапсырылатын алаңшалардың барлығы талапқа сәйкестендіріліп отыр. Олар қаланың барлық аумақтарында бар. Биылдың өзінде 47 алаңша тапсырылуға дайын. Шын мәнінде жаңа алаңшалардың қазіргі ойын алаңшаларынан айырмашылығы жер мен көктей.»

Ауланың мәдениетін арттырып, оны көркейту мақсатында қолға алынған акцияны тұрғындар осылайша мерекелік шараға айналдырды. Ән айтып, би билеп, шарапаты мол шараның мерейін асырды. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 17 аула клубы жұмыс жасайды.