Мұз сарайы Алдар көсенің шапанын «жамылыпты»

1525

Кешегі жексенбіде қаладағы Ахмет Байтұрсынов көшесімен келе жатып, шаһардағы зәулім ғимараттардың бірі – Мұз сарайының шатырына көзім түсті. Бұрын байқамаппын, ғимараттың хас бетінде үңірейген тесіктер пайда болыпты.

20140713_134448

20140713_134519

Бұған не себеп болғанын нақты біле алмадым. Себебі, нысанның әкімшілігі бұл күні демалыста болды. Ал ғимараттың алдында жер қазып жүрген жұмысшылар «Жел ұшырып әкеткен» деп жауап берді. Дегенмен, Шымкентте қазір шілденің шіліңгір ыстығы қайнап тұр. Соңғы 1-2 аптада қаламызда шатыр ұшыратындай күшті дауыл бола қойған жоқ секілді еді…

20140713_134526

Бір қызығы – мұндай үлкен тесіктер ғимараттың алдында ғана емес, артқы жағында да бар екен. Мұны көріп, көз алдыма кинодағы Алдар көсенің шұрық-тесік шапаны есіме түсті. Дереу бойымды күлкі қысты. Кім білсін? Бәлкім ғимарат басшылығы аптап ыстықта нысанды осылай желдетіп, салқындатқысы келген болар? Әлде, Мұз сарайын жөндеуі тиіс мердігер мекеме байды алдаған Алдар көсе болды ма екен? Бұлай деуге де болмас. Билік жұмысына салғырт қарайтын құрылыс компанияларын тайраңдатып қоймас. Десе де, ғимарат тез арада жөнделеді деген үміттемін!

20140713_134712

20140713_134652