«Pierre Cardin» сауда нүктесі ашылды

633

Пьер Кардин және Луис Ферауда – бұлар тек әлемге аты мәшһүр дизайнерлер ғана емес, жаһан халқы кеңінен тұтынатын брендтер. Батыстық сән әлемінде өзіндік орны бар тұлғалардың қолынан шыққан киім үлгілері де жоғары сапалы. Енді бұл өнімдерге шымкенттіктер де қол жеткізе алады. Өйткені, қаладағы «Әл Фараби» сауда үйінде аталмыш брендтердің алғашқы дүңгіршегінің таспасы қиылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fuypLjJKmoI[/youtube]

vlcsnap-2014-07-17-13h08m10s165

Әйелдер киімінің әдемі үлгісін топтастырған жаңа сауда нүктесі көтеріңкі көңілде өзінің алғашқы тұтынушыларын қарсы алды. «Әл Фараби» сауда үйінде бұл дүңгіршектің салтанатты түрде ашылғанына, әсіресе, нәзік жандылар аса қуануда.

vlcsnap-2014-07-17-13h14m04s118

vlcsnap-2014-07-17-13h07m35s100

Пьер Кардин мен Луис Ферауда киімдерін кию – әрбір әйелдің арманы. Бүгінде сол арманға қол жеткізуге әбден болады. Яғни, көрікті, тартымды киіну үшін сән әлемінің астанасы Парижге барудың мүлде қажеті жоқ. Себебі, әйелдер киімін тігуде әлемде үздік ондықтың қатарына енетін белгілі брендтің туындыларын енді Шымкенттен де таба аласыз.

vlcsnap-2014-07-17-13h09m47s0

Құрманай Бақтиярқызы,тұтынушы: Мен көптен бері іздеп жүрген қол сөмкесін осы жерден таптым. Қуаныштымын, әрине! Пьер Кардиннің қаламызға келгеніне бақыттымыз. Барша құрбыларымды осы жерден киінуге шақырамын. Бұл – белгілі бренд. Пьерден Астанада үлкен саясатта жүрген әйелдер көп киінеді.»

vlcsnap-2014-07-17-13h05m48s37

Сауда нүктесіндегі киімдердің қашанда сән әлемінде өзіндік орны бар. Әрбір көйлек ерекше үлгіде жасалған. Мұнда Пьер Кардиннің жоғары сапалы кеңселік костюмдері мен мерекелік кештерге киетін көйлектерін табуға болады. Тіпті кэжуал бағытындағы аяқ киімдер мен қол сөмкелерінен бастап, іскерлік костюмдері тұтынушылардың сырт бейнесін түбегейлі өзгертері анық. Сонымен қатар, жаңа сауда нүктесінің ашылуына орай сатып алушыларға тосын сыйлар әзірленгенін айта кеткен жөн.

vlcsnap-2014-07-17-13h11m45s255

 Гүлзира Джүзбаева, «Pierre Cardin» сауда нүктесінің директоры: «Біздің мақсатмыз – шымкенттік әйелдерді халықаралық деңгейде киіндіру. Әрине, біз  осы мақсатымызды жүзеге асыру үшін өте сапалы өнімдермен жұмыс істейтін боламыз.»