Шымкенттегі ірі сауда орталығынан шу шықты

340
"Мега орталық"

«Шымкенттегі «Мега орталыққа» бомба қойылды». Дәл осындай суыт хабар ғимарат ішіндегі ағайынды әп сәтте -ақ абдыратып тастады.  Түскі сағат 16:00-дер шамасында түскен хабарда орталықтың 3-қабатында жарылғыш зат қойылғаны туралы айтылған. Суыт хабардан тез арада барлық шұғыл қызметтің кезекшілері құлағдар болады.

"Мега орталық"
«Мега орталық»

Онсыз да ыстық күнде төтенше ақпараттың тарауы жұртты қатты әбіржітті. Орталықта жүргендердің барлығы тез арада сыртқа шығарылды. Жедел жәрдем, саперлар мен полицейлер тез жетті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=MXULrdivAzI[/youtube]

Темір Мұхтаров, қала тұрғыны: «Біз ол кезде кинотеатрдың 5-залында отыр едік. Достарымызбен кино көруге келгенбіз. Фильмнің жартысын қарап болмай жатып, жарық пен экран сөніп қалды. Араға 2-3 минут салып сондағы қызметкерлер тез арада қосалқы есіктен сыртқа шығуымызды талап етті. Барлығы бомба қойылды деп, шарқ ұрып жүгіріп жүрді.»

Назым Досбол, қала тұрғыны: «Мен қатты қорықтым. Ештеңені түсінбей қалдым. Кино көріп отыр едік. Күзетшілер келіп, «шығыңдар» деп, залдан шығарып жіберді.»

Орталық қоршауға алынды
Орталық маңы қоршауға алынды

Автотұраққа көлігі қалғандар маңайдан кете алмады
Автотұрақта көлігі қалғандар маңайдан ұзап кете алмады

Бомба бар деген суыт хабарды естіп, дүрліге шыққандар «Мега» маңынан алысқа кете алмай тұр. Себебі, көліктері орталықтың автотұрағында қалып қойған. Айдап шығуға үлгерген жоқ. Орталықтың барлық қабаты мен маңы қоршауға алынған.

Қазіргі сәтке дейін жарылғыш зат табылған жоқ. Бұған дейін де бірнеше рет барлық қызмет өкілдерін шығындатқан жағдайдың анығы анықталары даусыз. Соңғы рет былтыр «Бомба бар» деп жалған қоңырау соққан жас жігіт жазаланған болатын. Ол басқаларға сабақ болмапты.