Алаш жұрты Аппақ ишанды ардақтап, ас берді

Аппақ ишан – руханият әлемінің дарабозы! Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда осы тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтті. Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған дәуірде дін Исламды елге таратуға бүкіл жан дүниесі мен бар болмысын арнаған Аппақ ишан қуғын-сүргін жылдарының құрбанына айналған. Туғанына 150 жыл толған діни ағартушыны бүкіл Алаш баласы ардақтап, ас берді.

Аппақ ишан

Аппақ ишан

Аппақ ишан

Аппақ ишан рухын ардақтауға арналған руханият жиынына Шаянға тән Арыстанды-Қарабас желі де кедергі келтіре алған жоқ. Қазақстанның түкпір-түкпірінен Бәйдібек ауданының орталығындағы Аппақ ишан мемориалдық мешіт кешеніне келген қонақтардың қарасы қалың болды. Шын есімі – Мақсұм әулиені имани қасиеттері үшін ел Аппақ Ишан атап кеткен. Нақ осы мазарда оның әкесі Сейдахмет пен атасы Қосым ишандар жерленген. Өзінің моласы – Павлодар облысында.

Аппақ ишан

Аппақ ишан

Аппақ ишан

Зияудин қажы Әбілқайырұлы, Қызылорда облысынан келген қонақ: «37 жылы 74 жасында осы Аппақ ишанды Шаянда төбенің басына шығарып қойып, бүкіл халықты жинап, бетіне түкіріңдер деген орын осы жер екен. Сонда бүкіл халық азанда жиналып, ана кісі аппақ киінген, екі бетінен қан тамған, төмен қарап тұрыпты. Сөйтсе, бүкіл Шаянның халқы еңірегенде етегі жасқа толып, барлығы жерге қарап, жылап-еңіреп, біреуі қарап, басын көтере алмай, еңіреп қоштасқан екен. Сол қасиетті жерге келіп отырмыз. Қасиетті Шаянның топырағында, қасиетті елге дін Исламды алып келген, елге үлкен имандылықты алып келген Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тікелей ұрпақтарының асы бұл. Біз соған келіп отырмыз. Қабыл болсын!»

Ортадағы ақ сәлделі кісі Құрбанәлі Ахмет - Аппақ ишанның ұрпағы
Ортадағы ақ сәлделі кісі Құрбанәлі Ахмет – Аппақ ишанның ұрпағы

Атасының торқалы тойын ұйымдастырып, баба рухына тағзым шарасын жасап жүрген Аппақ ишанның немересі – Құрбанәлі Ахмет. «Алтынның сынығын» руханият жиынына келгендердің ерекше құрметтеуі, ишандар әулетіне көрсеткен сый-құрметі болса керек.

Құрбанәлі Ахмет, Аппақ Ишанның немересі: «Біздер осы уақытқа дейін материя асыл ма, рух асыл ма деген таласпен өмір сүргенбіз. Біздің аталарымыз осы жерге келіп, материя – бұл әншейін сурет, қазіргі тілде иллюзия деп отыр. Барлық нәрсенің асылы рух екенін бұл кісілер дәлелдеп берді. Біздер сол әруақ жоқ деген адамдарға, жоқ, бауырларым, рух асыл, материяның, бүкіл нәрсенің асылы рухта тұрады, жәннәт та рухтан құралады. жәһаннам да рухтан тұрады, Дүние де рухтан тұрады дегім келеді. Сол үшін әруаққа сыйынатын қазақ болайықшыү»

Аппақ ишан

Аппақ ишанның 150 жылдығын атап өту шарасы тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл басқосудың мәні – діни ағартушының Қазақ тарихындағы орнын әйгілеу. Оның біздің ұстанып отырған дінімізбен алшақтығының жок екенін дәлелдеу дейді игі шараға жиналған көпшілік.

Досай Кенжетай, дінтанушы: «Аппақ ишан деген кісі – біздің Қазақ топырағына Матуриди ахидасын, Имам Ағзам Әбу Ханифаның «Фықхын», Яссауидің «Ақләқх» фәлсафасын алып келген, XVII- XIX ғасырлардағы Бұқара орталығынан нәр алған Нақши Бандия тарихатының өкілдері. Бұлар біздің Қазақ мұсылмандық түсінігінің мазмұнындағы мәселелер. Ешқандай жаттығы жоқ. Біз өзіміздің тарихымыздан өзіміз жаттанып қалғанбыз. Бүгінгі мына іс-шара өзіміздің тарихымызға, жүріп өткен жолымызға, діни тәжірибемізге деген құрметтің, соған оралудың белгісі. Мынау жиналған жұрттың барлығының жиналуындағы рух біздің сол қазақтың діни санасының көрінісі жанданған, тірілген деп айтуға болады.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ULIMh1fGlc0[/youtube]

Мекемтас Мырзахметұлы, абайтанушы, профессор: «Біздің жауларымыз халқымыздың тарихи жадын 7 қабат жер астына көміп кеткен. Жоғалтқан, құртқан. Солардың бәрін ашып, келер ұрпаққа соны тарату керек. Мысалы, Шымкентте 500 томдық кітап шығып жатыр. Биыл 300-ін бітіреміз. Соның барлығы ұмыт болған, ешкім білмейтін шығармалар болып шықты. Сонымен қаруланған біздің жастарымыздың ертең тарихи жады толығады, есекке мініп жүрген Қазақ енді мұнан кейін арғымаққа мінеді. Кімнің тарихи жады мықты болса, сол арғымаққа мінеді, әлсіз болса, есекке мінеді. Біз содан құтылу үшін келдік.»

Аппақ ишан

Аппақ ишан

Қуғын-сүргін жылдарында қуғын көрген 25 мың қазақтың бестен бірі дін жолындағы азаматтар мен мешіт молдалары болыпты. Қанды жылдардағы ащы шындықты, Аппақ ишанды зерттеп, зерделеп жүрген тарихшы Мәмбет Қойгелді баба рухына арналған ғылыми конференцияда жайып салып, біраз шындықтың бетін ашты.

Мәмбет Қойгелді, тарихшы: «Қуғын-сүргін жылдарында, ең алдымен, құрбан болғандар Ишандар әулеті болды. Ишандарды қудалау 20-жылдардың аяғында басталды. Аппақ ишан 1930 жылы Өзбекстанда тұтқындалды. Сол жылы сотталды. Бахабулла, Аппақ ишан, Сабыр ишан. Үшеуін осында, Шымкентке әкеліп соттады. Содан бастап 30-40-жылдары Аппақ ишанның тұқымдарын түгелімен қуадалау басталды. ОГПУ мемлекет ішіндегі мемлекет болды. Үлкен қиянатты жасаушы осы ОГПУ болды. Ұлтқа жасалған қиянат, дінге жасалған қиянат осы ОГПУ-дің қолымен жасалды. Сондықтан осы залда, Аппақ ишанның ауылында біз осыны айтуымыз керек. Мынау қиянат ұмытылмау керек. Қиянатқа қарғыс айтылу керек.»

Шаяндағы бұл мешіт-медресенің іргесін де кезінде ишандар әулеті қалаған. Аппақ ишанның атасы Қосым ишан бастап, одан әкесі Сейдахмет жалғастырады. Соңғы кірпішін Аппақ ишанның өзі қалап, мұнда бала біткеннің діни сауаты ашылады. Қазір бұл нысанның жартысы мешіт қызметін атқарса, жарым бөлігі мұражай ретінде жұмыс істейді.

Аппақ ишан

Аппақ ишан

Аппақ ишан

Аппақ ишан