Облыс әкімі Президентке су құбыры жайлы есеп берді

334
Сурет ғаламтордан алынған

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Президентке елдімекендерді ауызсумен қамтамасыз етуге байланысты тапсырманың орындалуы жайлы хат жазды.

Сурет ғаламтордан алынған
Сурет ғаламтордан алынған

Онда Асар-Қайнарбұлақ су құбыры бүгінгі таңда сусорғы қондырғыларымен толық жабдықталды және 16 шақырым су құбыры мен 10,5 шақырым коллектордың құрылысы аяқталғаны айтылған. Қазіргі таңда елдімекеннің ішкі тораптарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды биылғы 15-қазанда пайдалануға беру жоспарлануда.