Имамдар мен студенттер бас қосты

336
жиынға студенттер де қатысты

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» Таяуда Әл Фараби аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Оған жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер және қаламыздағы мешіттің имамдары қатысты.

жиынға студенттер де қатысты

Жиында студенттердің кері ағымның соңында кетуінің алдын алу мәселесі кеңінен талқыланды. Ұстаздар бұл үшін оқу орындарында дінтану пәні қолға алынған десті. Айтуларынша, шәкірттердің діни сауаты артып келеді. Бұған қоса студенттердің көп тілді меңгеруі үшін де бар жағдай жасалып отыр.

оқу орындардында көптілді үйрену үшін орталықтар ашылған
 

Ербол Сәлім, ОҚМФА кәсіподақ ұйымының төрағасы: «Арнайы орталықтар ашылған. Кәсіби қазақ тілі, кәсіби орыс тілі, кәсіби ағылшын тілі оқытылады. Осы орталықтарды аяқтап шыққандарға сертификат тапсырылады. Үшінші және төртінші курстың студенттері ағылшын тілінде, кейбір пәндерді орыс тілінде өтеді. Ал орыс топтары қазақ тілінде білім алып жатыр.»