Оңтүстікте дәрігер жетіспейді

526

Оңтүстікте дәрігерлер тапшылығы сезіледі. Мамандар жетіспеушілігі, әсіресе, Шардара, Жетісай аудандарындағы емдеу мекемелерінде білініп тұр. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін «Дипломмен – ауылға » бағдарламасы қабылданған. Алайда, жауаптылар аудандарда әліге дейін маман тапшылығы мәселесін шешу мүмкін болмай тұр дейді.

001

Сондай мекемелердің бірі – Ворошиловка елдімекеніндегі қалалық № 7 емхана. Шымкенттен алшақтау жатқандықтан бұл емханаға жұмысқа орналасқысы келетін жастар некен-саяқ. Биыл мұнда 8 дәрігер жұмысқа қабылданды. Соның өзінде қазір емдеу орнына сарапшы, лор және балалар дәрігері жетіспейді. Сондықтан осы қызметтерді ұсынатын кабинеттер алды үнемі кезекке толы. Емхана басшылығы, әсіресе, балалар дәрігерін табу қиынға соғып тұр дейді.

[youtube]http://youtu.be/x77H-F3iZFU[/youtube]

Бүгінде облыста бас-аяғы 7 мыңнан аса дәрігер жұмыс істейді. Жыл басынан бері дәрігерлік құрам 800 жас маманмен толықты. «Дипломмен – ауылға » бағдарламасы қолға алынғалы жыл сайын ауылдық елдімекендерге жүздеген жас маман жолдамамен жөнелтіледі. Дегенмен, облыста әлі 55 дәрігердің орны бос тұр.

[youtube]http://youtu.be/aR-hfU1BVUY[/youtube]

Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінен дәл қазір 16 дәрігерге жұмыс орны табылады. Маман тапшылығы, әсіресе, шалғайдағы аудан орталықтарында қатты байқалады. Жауаптылар ондағы дәрігерлер жетіспеушілігін көтерме жалақы тағайындау арқылы шешуге болады деп отыр.