Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз» меморандумға қол қойды

512

Бүгінде «Бейнеу-Бозой» халықаралық газ магистралінің бір жарым мың шақырымы бітіп, қалған үш жүз шақырымы жыл соңына дейін аяқталмақ. Бұл құбыр арқылы еліміздегі үш облыстың жеті жүздей елдімекені көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Ал біздің өңірімізде ірі газ жүйесіне сегіз аудан қосылмақ.

20141017_105619

20141017_110309

20141017_110259

20141017_113117

Серік Сұлтанғали, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры: «Бірінші, өздеріңіз білесіздер, магистральдық газ құбырын Түркістан қаласына алып келдік. Енді, міне, қасиетті Бәйдібек ауданына алып келіп отырмыз. Бұл – жұмыстың басталуы. Көлемі 32 шақырым деп жаңа айтылды. Ауыл ішіндегі жұмыстарды жергілікті әкімшілік кейін жасайды.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RD6prI7Vd00[/youtube]

Расында да бұл құбырға қосылған Түркістан қаласында үш жүз абонент газ жағып отыр. Енді 32 шақырымдық көгілдір отын жүйесін Шаян елдімекеніне дейін жеткізу үшін 3 миллиард теңге жұмсалмақ. Жобаның сметасын облыс әкімдігі дайындаған. Қаржыны «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы бөледі екен. Осы орайда облыс әкімі және компания басшысы бірлескен іс-қимыл жайлы меморандумға қол қойды.

20141017_113301

20141017_113830

20141017_113955

Ал «Интергаз Орталық Азия» АҚ өкілдері құрылыс жұмыстарын келер жылдың қараша айында бітіреміз деп отыр . Шаян мен оған жақын 5 елдімекендегі ішкі газ құбыры жүйесінің жобалық-сметалық құжаттарын дайындау қыркүйек айында басталып кеткен. Құжаттар дайын болса, 2015 жылдың бірінші жартысында бюджетке ұсынылмақ. Яғни, Алла бұйыртса, шаяндықтар 2016 жылдарға қарай көгілдір отынға қол жеткізеді дейді жауапты басқарма басшылары. Сонымен қатар газ құбыры Шаяннан Созаққа да тартылады екен.

20141017_114022

20141017_114035

20141017_110303

Нұралхан Шәріпов, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы газ бөлімінің басшысы: «Созақ ауданына келер болсақ, осы біз тұрған жердегі АГРС қондырғысынан Созақ ауданына арнайы құлақша қалдырылады. Ол біз тұрған жерден шамамен 60 шақырымдай төте жолмен жүріп отыратын газ құбыры болады.»

20141017_105802

«Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбырына өңіріміздің 284 елдімекенін қосу жоспарлануда. Осы орайда бастапқы кезеңде ірі 6 автоматтандырылған газ станциясы салынбақ. Қазір қазынадан 1,2 миллиард теңге қаралып, екі станцияның құрылысы жүріп жатыр. Қалған төртеуін 2017 жылға дейін салу көзделуде.