Ақбастау ауылының тұрғындары жайылымға зар

639
Ауыл тұрғындар 6 мыңнан астам малын алақандай жерге жаюға мәжүбір

Ақбастау ауылының тұрғыны Асар Досболов отбасын төрт түлікпен асырап отырғандардың бірі. Тұрақты жұмыс болмаған соң мал басын көбейткісі келеді. Алайда оның бұл ойын жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. Өйткені ауыл маңындағы жайылым жылдан-жылға азайып барады. Айтуынша, жайылымды ауыл әкімдігі біреулерге үлестіріп жіберген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8A2Gy0i0BBg[/youtube]

Асар Досболаев, Ақбастау ауылының тұғыны: «Елбасымыз айып отыр гой, қарапайым адамдарға жағдай жасаңдар, тұрмысын оңалтсын, жағдайын түзелтсін деп. Ал ол кісінің сөзін аудан әкімі, жергілікті билік елемейтін болса, халықтың жайылымын тартып алатын болса, халыққа жағдай жасамайтын болса, онда ол кісілер не үшін отыр?»

Ақбастау ауылында 600-ден аса үй бар. Тұрғындардың жан бағуда негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Бірақ, жайылымдық жер болмағандықтан төрт түлікті үй іргесінен асыра алмайды.

Ауыл тұрғындар 6 мыңнан астам малын алақандай жерге жаюға мәжүбір
Тұрғындар малын алақандай жерге жаюға мәжбүр

Ауылдықтардың осындай жанайқайын естіген атқамінерлер Ақбастау ауылына лезде келіп, мәселенің мән-жайын түсіндіргісі келді. Айтуларынша, бұл жер егістікке арналған. Осы уақытқа дейін пайдаланылмаған жерді инвесторға бермек. Ол 1200 бас асыл тұқымды сиыр өсіріп, осы жерде баптамақ. Сондықтан оның кәсібін домалату үшін ауыл маңынан 350 гектар жер бөлініпті. Оның 50 гектарына кешенді құрылыс жүргізілсе, қалғанына егістік егілмек. Қазір әкімдік пен инвестор арасында өзара келісім түзілген. Осыған сәйкес жұмыс жуық арада қолға алынбақ.

Төлеген Дәрменбаев, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары: «Біз айдалмалы жерді осы уақытқа дейін ұстап отыра алмаймыз ғой. Қазір талапты білесіздер. Барынша өндірісті ұлғайтып, барынша сол жерді игеру керек. Айдалмалы егістік жер. Жайылым жер болса, мақұл.»

Ақбастау тұрғындарының сөзінше, айнала жайылымның барлығы әлдекімнің меншігіне өтіп кеткен. Тіпті, олар биылғы жазда малдың қыстық жем-шөбін жинай алмай, қымбат бағаға сатып алған. Енді тұрғындар бұл мәселе шешімін таппаса, онда Елбасыға ашық хат жазбақ.