Оңтүстіктің мәдениет саласы 444 маманмен толықты

529

Оңтүстіктегі мәдениет саласы 444 жас маманмен толықты. Бұл жөнінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова БАҚ өкілдерімен өткен басқосуда мәлімдеді.

003

Басқарма басшысының айтуынша, мәдениет саласында жалақы аз болғанымен, мамандыққа қызығушылық білдірушілердің қатары артып келеді. Жиында бұл мәселеден бөлек жаңа мәдени нысандардың жағдайы да сөз болды.

Желтоқсан айында «Түркістан» сарайы, облыстық қазақ драма театры, тарихи-өлкетану мұражайы, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы және көркемсурет галереясының қосымша ғимараты ашылып, пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек басқарма басшысы биыл облыс мұражайлары 4557 жаңа экспонтпен толыққанын жеткізді.

[youtube]http://youtu.be/Un8RR732jjM[/youtube]