Шымқаланың басты шыршасы 25 миллион теңге тұрады

405

Тәуелсіздік мерекесінен кейін шымкенттіктер жаңа жылға дайындықтарын бастап кетті. Қала көшелері безендіріліп, жасыл шырша орнатылды. Биіктігі 18 метрді құрайтын Шымкенттегі ең басты шырша өткен жылы Тәуелсіздік саябағына қойылған болса, биыл жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алдынан орын тепті.

002

Бұдан бөлек дәл осындай шырша Әл Фараби алаңына да қойылған. Ал «Шәмші әлемі» гүлзарындағы шыршаның биікті 10 метрді құрайды. Осылайша шымкенттіктер үшін үш алып шырша безендірілді. Ол үшін 25 млн. теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалған. Одан бөлек қала көшелерінің қиылысында 170 шырша кейіпті кіші сәулеттік мүсіндер орнатылған. Оларды жасау үшін 18 млн. теңге қаралған.