Оңтүстіктегі волейболдан халықаралық турнирді алматылықтар жеңіп алды

237
Павлодардың волейболшылары кездесу соңына дейін тараз басын тең ұстап тұруға тырысты

Волейболдан дәстүрлі халықаралық турнир биыл да Шымкентте өтті.  Қуаныш Төлеметовты еске алуға арналған дода осымен оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биыл жарыстың бас жүлдесін сарапқа салуға 15 команда жиналған. Олардың арасында ресейліктер де бар. Осыған дейін жеті жыл бойы алаң қожайындары жеңімпаз атанып келген. Бұл жолы да жерлестеріміз бірінші орыннан дәмелі болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=aU8R6ugGKqE[/youtube]

Жарыстың соңғы күні өскемендік волейболшылар Павлодар ойыншыларынан басым түсіп, үшінші орынды жеңіп алуға тырысты. Алайда, солтүстікқазақстандықтар алғашқы екі партияда ойын тізгінін қолдан бермей келді. Шығыстың спортшылары да ұпай санын арттыруды көздеді. Алайда, үшінші партияны жеңу солтүстіктен келген қонақтарға бұйырыпты.

Павлодардың волейболшылары кездесу соңына дейін тараз басын тең ұстап тұруға тырысты

Ойынның төртінші кезеңінде өскемендік волейболшылар алға шықты. Олар бес партияның үшеуінде жеңіске жетуі тиіс еді. Сонда ғана жүлделі орынға іліне алатынына шығысқазақстандықтар жақсы түсінді.

Бұл жоспарды іске асыра алды да. Келесі екі кезең шығыс жігіттері үшін сәтті шешілді. Нәтижесінде халықаралық турнирдің алғашқы үштігін 3-2 есебімен өскемендіктер қорытындылады.

Ал бас жүлдені Алматы мен Оңтүстіктің волейболшылары сарапқа салған болатын. Осыған дейін жеті рет чемпион атанған жерлестерімізге биыл күміс медаль ғана бұйырыпты. Алматылықтар бірінші орында.