«Балалар алаңшасы қоқыс алаңына айналды»

590

«Балалар алаңшасы қоқыс алаңына айналды!» Қаланың қақ ортасындағы 16-шағынаудандағы №9 үйдің тұрғындары осылай деп ашынады. Айтуларынша, 6 ай бұрын қоқыс салатын жәшіктерді орнынан қозғап, 90 пәтерлі үйдің алдына қойған. Маңайда балалар көп ойнайды, одан қалса 5-6 адым жерде №39 мектеп орналасқан. Ал бұған дейінгі қоқыс контейнері жайғасқан аумақта қазір құрылыс жұмыстары басталып кетіпті.

8111

8108

№39 мектеп
№39 мектеп

Зинаида Савенко, 16-шағынаудандағы №9 үйдің төрайымы: «Бұрынғы орнында құрылыс жұмыстарын бастады, одан шыққан қалдықтарды әкеліп мынау үйіміздің алдына, яғни, ойын алаңшасының орнына қойылған контейнерге салып жатыр. Балаларымыз сынған-қираған әйнектермен, қалдықтармен ойнайды. Одан қалса, қоқыстарды шашып ойнайды. Бұл не бассыздық! Қазір күн ысыды, жағымсыз иіс те басымызды ауыртты. Үйіміздің, мынау мектептің алдына қойған контейнерді бұрынғы орнына қойсын! Үйдің алдына тастамасын қоқысты!»

қазір аумақта құрылыс жүріп жатыр

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшылығы мәселеден хабардар болып шықты. Мекеме мамандарының айтуынша, мемлекеттік жер араға жылдар салып, жекенің меншігіне өтіпті. Сондықтан болар, қоқыс жәшігін қоятын ең ыңғайлы орын осы болған көрінеді.



Жандос Оспанов, қалалық ТҮКШ бөлімі көріктендіру секторының бас маманы: «Бұл аумақ – азаматшаның жекеменшік жері. Иесі бізге ол жерге құрылыс жұмыстарын жүргізетінін ескерткен. Бүгінгі таңда қоқыс контейнерінің орнының ауыстырылатыны жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілмек, ал жер иесіне қоқыс жәшіктерін тек бұрып қоюына ғана рұқсат берілген».