Қапал батыр көшесіндегі көпірді жөндеу күзде аяқталады

516

Шымкентте Қапал батыр көшесінің бойындағы теміржол көпірінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылғалы қашан. Онда қазір көпір көлемін ұлєайту жұмыстары жүргізілуде. Нысанның көлемін 18 метрге кеңейту жоспарланып отыр. 2014 жылы басталған құрылыс биыл қараша айында аяқталады деген болжам бар.

006

Көпір құрылысын қолға алған мердігерлер қарбаласта жұмыс жасауға мәжбүр. Бүгінге дейін иін тірескен көлік қозғалысы жұмысқа кедергісін келтірген. Енді теміржол локомативінің кестесімен келісу қажет. Әрлі-берлі жүйткіген поездарды тоқтатып тастау мүмкін емес. Десе де темір жолшылар түсіністікпен қарап, желідегі жоғарғы кернеулі токты ажыратып беріпті. Осы сәтті пайдаланған құрылысшылар бетон қадаларын қағып алуға кірісіп кетеді.

Тәңірберген Сүлейменов, «Береке А» корпорациясы» ЖШС бас инженері: «Қиындықа қарамай жиек қабырғаларын құйып біттік. Оң бетінің 6 тірек қадауы қағылды. Жоспарымыз – қарашаға дейін жұмысты толық аяқтап, ескі көпірді бұзуға кірісеміз.»

Көпір жұмысының бағасы 1 млрд 150 млн теңгеге бағаланған. Құрылысшылар қаражаттың 300 млн тенгесін игеріп үлгеріпті.

Қолға алынған құрылыс тек бұл ғана емес. Республикалық маңызы бар 15 шақырым шағын айналма жолдың 1,5 шақырымында да қозғалыс уақытша тоқтатылды. Ол – Өтегенов және Сырым батыр көшелерінің аралығы. Мердігерлерге міндеттерін атқару үшін 1,5 ай уақыт беріліпті.

Абай Тұрханов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектер меңгерушісі: «Бірінші қарашадан бастап жол құрылысының екінші кезеңіне кірісеміз. Ол – Бәйдібек би көшесі иен 72 мектептің аралығы.»

005

Шағын айналмалы жолды қайта құру үшін бюджеттен 4 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Тірлікті қолға алған мердігерге жолдың енін 15 метрге дейін кеңейту тапсырылған. Енді ең бастысы – құрылысты кестеден кешікпей, жүйелі атқару.

Нұрлан Жаңабай