Жедел жәрдем дәрігерлері сайысты

344

Шымкентте жедел жәрдем стансасы қызметкерлерінің арасында ерекше сайыс өтті. Кез келген жағдайда көмекке дайын жүретін станса мамандары жол апатына түскен науқастың жарақатын таңып, жедел түрде диагноз қойды.

Жарақатын таңып, жүректі уқалау әдістерін көрсетті. Әр ауданнан келген дәрігерлердің кәсіби біліктілігі де сарапқа салынды. Мұндай сайыс облысымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

001

Интенсивті терапия тобының қызметкерлері жол апатынан зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуде. Жоспар бойынша мамандар 15 минуттың ішінде науқастың диагнозын анықтап, оны оқшаулау керек. Сайысқа қатысушылар осылайша шынайы әрекет жасап, жылдамдығын байқатты.

Надежда Ткаченко, дәрігер: «Біз медециналық көмекті көрсеткенде көбіне науқастың туыстары бізге кедергі келтіреді. Ал бұл сайыста біз емін-еркін медициналық көмек көрсете алдық. Бізді осы жағы қуантуда. Әрдайым медециналық көмегіміз осылай болса дейміз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3JCo5Rst77g[/youtube]

Жедел жәрдем қызметінде жүрек талмасына ұшыраған азаматтарға көмек көрсету қиынырақ. Осы орайда сайыста дәрігерлер жүректің қызметін жақсартуға арналған емдік шарасын да көрсетті. Медициналық көмектен бөлек сала мамандарының біліктілігі де сарапқа салынды.

Сайыс қорытындысы бойынша №10 жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жеңімпаз атанды. Екінші орынға – №4, ал үшінші орынға №2 станса мамандары лайық деп танылды. Жедел жәрдем қызметінің басшылы бұл сайыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын айтады.

Лаура Мамырова