Төтенше жағдай қызметкерлері үйі өртенген тұрғындарға көмек берді

410

Достық шағынаудындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға төтенше жағдай қызметкерлері көмек көрсетті. Оқыс оқиға 15 шілденің түнінде болған. Соның салдарынан 25 гектар жерді өрт шалып, екі отбасы материалдық шығынға ұшыраған болатын. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

003+

 

Аптап ыстықта тұтанған қызыл жалынды өрт сөндірушілер 8 сағат дегенде ауыздықтаған. Оқыс оқиғадан зардап шеккен тұрғындардың жағдайы тым ауыр. Осыны ескерген төтеншеліктер бірінші болып көмек қолын созды. Өздерімен бірге қажетті азық-түліктері мен құрылыс материалдарын ала келген.

003

Оңтүстікте ыстықтың салдарынан өрттің саны артқан. Шілде түскелі 5 оқиға тіркелген. Оның барлығы Шымкент қаласының аумағында тіркеліп отыр. Зардап шегушілер жоқ, алайда қарапайым халыққа келген шығын жетерлік.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=K3ZXd5d2aNc[/youtube]

Қазір өңірдің төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері өрттің себеп-салдары мен шығын көлемін анықтап жатыр. Сондай-ақ тілсіз жауға байланысты арнайы штаб құрылды. Әзірге өрттен зардап шеккендерге азық-түлік таратылып жатыр.

Лаура Нақыпқызы