Ауыл әкімдері қауқарсыз ба?

284

Ауыл әкімдерінің әрекеті мардымсыз. Қоржынында қаржысы жоқ басшылар қандай да бір мәселені шешуге қауқарсыз. Ұлттық экономика министрлігінің жүргізген мониторингісі осындай қорытындыға келді.

013

Шымкентке арнайы атбасын бұрған ведомство өкілдері осындай мәлімдеме жасады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыруды көздеген мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға облыстағы ауылдар мен аудандарды басқарып жүрген әкім қаралар қатысты. Еуропалық қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымының ресми өкілдері елімізде қолға алынған осы жаңа жүйенің тиімді тұстарын тәптіштеп берді.

Ал парламент депутаты Шалатай Мырзахметов өзін-өзі басқару жобасы бойынша әлі біраз заң қарастыралатынын жеткізді. Мониторинг жүргізген мамандар ауылдық округ әкімдерінің қаржы дербестігін кеңейту керек дейді. Өзге өңірлердің қоржыны әлдеқайда қомақты. Бірақ, Оңтүстікте елдімекен басшыларының салық, әкімшілік айыппұлдар бойынша қаржы түсімі өте төмен. Небәрі 11 млн. теңге. Министрлік өкілдері бұл көрсеткіш ауыл әкімдерінің халықпен байланысы әлсіз екенін дәлелдейді деген тұжырымға келді.