Еріктілер Қошқар ата өзенінің бойын тазалады

350

Суы жанға шипа өзеннің қадірін шымкенттіктер білмейді. Сондықтан бірі қоқыс тастап, бірі көлігін жуып жүр. Өкініштісі сол, бұл әрекетті жасап жүргендер – есі бар ересектер. Жастар жағы бұған тосқауыл қоямыз деп іске белсенді түрде кірісті. Әлеуметтік желі арқылы хабарландыру жазып, көпшілікті тазалық жұмыстарына шақырды.

002

Қошқар атаның суы ағып өтетін Түркістан көшесі бойындағы тұсы қоқысқа толы. Тіпті кейбір тұрғын үйлердің кәріз жүйелерін өзен суына қоса салыпты. Қара судың қадірін білмейтіндер көп. Кейбірі тегін суға көлігін жуып жатыр.

003

Бұл әрекет Қошқар ата өзенінің суынан дертіне дауа іздеп келгендердің шамына тиді. Осылай жалғаса берсе, судан шипа емес, ауру табуымыз мүмкін деп қауіптенеді олар.

Осы маңда тұратындардың Қошқар ата өзенінің суына қоқыс тастауды әдетке айналдырғалы қашан. Әзірге олардың әрекетіне тоқсауыл қою мүмкін болмай тұр. Еріктілер тазалық жұмыстары ересектерге сабақ болса екен деп үміттенеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=C5eMiwpbZOU[/youtube]

Дегенмен суды біршама қоқыстан тазалаған еріктілер алдағы уақытта заң тұрғысынан шара қолданылмаса, келеңсіздік жалғаса береді дейді.