Кентау әкімі облыс басшысы алдында есеп берді

401

Кентау қаласына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі А.Мырзахметов берілген тапсырмалардың орындалу барысы бойынша қала басшысы Ә.Мақұлбаевтың есебін тыңдады. Кеңейтілген мәжіліске облыстық басқарма басшылары, қала әкімдігінің бөлім меңгерушілері мен ауыл әкімдері және өзге де жауапты мамандар қатысты.

009

Кентау – жаңа жүйемен есеп беріп отырған төртінші аймақ. Мұнда да қордаланған мәселелер айқындалып, шешілуі тиіс өзекті мәселелер белгіленді. Қала әкімдігіне берілген 161 тапсырманың 34-і өз деңгейінде орындалмаған. Осы және өзге де шаһар дамуына байланысты жайттарды ерекше атаған облыс әкімі берілген әр тапсырмалардың маңыздылығына жеке-дара тоқталып, оны іске асыруда салғырттық танытқан сала басшыларын сынға алды.

010

Әсіресе, жыл сайын қайталанатын мәселелерді азайту, жою, болдырмау жолдарына кеңінен тоқталды. Бір мәселенің жыл сайын қайта көтерілуі салаға жауапты қызметкерлердің жауапкершілігінің жоғынан дейді өңір басшысы.

Бюджет қаржысына бой көтеріп, ел игілігіне берілген әрбір әлеуметтік нысанның құрылыс сапасына айрықша көңіл бөлген А.Мырзахметов ғимараттарды қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін ауыл әкімдері мен мектеп директорларына арнайы үлгіде мәліметтер тізбегін толтырып, жергілікті әкімдікке тапсырып отыруды міндеттеді. Бұл мәліметтер әрі қарай аудан, қала әкімдіктері тарапынан тиянақты талданып, облыстық басқармалар мен әкімдікке жолдануы тиіс.

Осындай бірізділік жүйе арқылы жаңа нысандардың бүгінгі жағдайын жіті қадағалап, кемшіліктерді дер кезінде жоюға мүмкіндігі барын қадап айтқан облыс әкімі әрбір мемлекеттік қызметші бюджет есебінен салынған нысандарға аса жауапкершілікпен қарап, өз дүниесіндей жаны ашуы қажет деді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі