Сапарбек Тұяқбаев Сарыағаш тұрғындарын тыңдады

508

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болып, жеке мәселелерімен бірқатар азаматтарды қабылдады.

005

Өңір басшысының орынбасары ауыл шаруашығы, жер қатынастары мен кәсіпкерлік мәселелері бойынша 2015 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы ауданның бөлім және мекеме басшылары, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерінің қатысуымен жиын өткізді. Мәжілісте әр салаға қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, аталған салалар бойынша келіп түскен сұрақтарға С.Тұяқбаев өз жауаптарын берді. Сонымен қатар ауыл әкімдеріне өз жұмыстарын ширату керегін, халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізу қажетін айтты.

006

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен қабылдауға С.Тұяқбаев 6 азаматтың өтінішін тыңдады. Қабылдауда тұрғындармен кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығына қатысты мәселелері талқыланды. Келген азаматтардың мәселелерін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар беріп, айтылған өтініштер назарға алынатынын жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі