Шымкентте әуенді бұрқақтар көбейді

602

Әлемнің кереметтерін тамашалау үшін шымкенттіктерге енді Дубайға барудың қажеті жоқ. Өйткені қаламызда жақын күндері тағы бір фонтан іске қосылмақ. Облыс сәулетшілері мұндай ерекше су бұрғақ тек Біріккен Араб Әмірлігінде ғана бар деп сендіріп отыр.

009

Шаһарымыздағы тамаша туындының бірі – «Тәуелсіздік» саябағында орналасқан әуенді су бұрқақ. Көз тартар сұлулығымен қалалықтарды баурап алған фонтан аптап ыстықта көлеңке іздегендерге сая болып тұр.

Бірнеше метрлік жоғарыға көтеріліп, түрлі пішінде су өрнегін салатын тағы бір су бұрғағы «Ордабасы» алаңынан орын тепкен. Мұнда әуезді ән немесе арнайы түрлі-түсті жарық жоқ. Алайда жаныңа сергектік пен көңіліңе қуаныш сыйлайтын фонтанның әдемілігіне әуесі кетіп, суретке түсушілердің саны толастар емес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FiqYuiwijdo[/youtube]

Ал нағыз биші қыздай мың бұралған су бұрғақты Бәйдібек би этно-саябағынан тамашалауға болады. Заманауи және классикалық әуеннің ырғағымен сан құбылатын су ағыны түнгі қала көрінісін одан әрі сұлуландыра түспек. Мұндай сұлулық үшін жұмсалған қаржы да аз емес.

Ермек Қыдыров, ОҚО құрылыс басқармасының жетекші орынбасары: «Мұндай фонтанды тек Дубайда ғана көруге болатын еді, енді өзімізде болады. Бүгін барлығын тексеріп көрдік, барлығы жақсы.»

Дәл осы этносаябақта тұрғындар енді жасанды сарқыраманың қызығын тамашалай алады. Алыстан мен мұндалап тұратын нысанның 90 пайыздық жұмысы аяқталған. Құрылыс жұмыстарына жауапты «Шымкентавтоматика» ЖШС өкілдерінің айтуынша, тамыз айының соңында тұрғындар бұл кереметтің куәсі бола алады.

Махаббат Әбдешова