Өз аулаларын ластағандарға жаза кесілді

459

Шымкентте өз үйінің ауласын ластап, қоқысты тиісті орынға тастамаған тұрғындарға 20 мың теңге айыппұл салынады. Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп, көп қабатты үйлердің тұрғындарын өз аулаларын таза ұстауға шақыруды жалғастырды.

Себебі, қоқысты арнайы орындарға тастауды ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кездесулер еш нәтиже бермей отыр деп ашынады жауаптылар. Сондықтан тәртіп сақшылары әкімдіктегілермен бірлесіп, қатаң шара қолдануға мәжбүр.

007++

Коммуналдық сала қызметкерлері «Күншығыс» шағынауданындағы № 16 үйдің ауласындағы гараж маңын бей-берекет қоқыстан тазартудан шаршаған. Екі күн бұрын мұнда бейнекамера да орнатылған болатын. Алайда еріншектер қоқыс тастауын қояр емес.

007+

«САТ» мекемесінің жұмысшысы Қанатбек Тұнғышбаев адамдардың немқұрайлығына налиды. Жақын жерде орналасқан қоқыс алаңына өз үйінен шыққан тұрмыстық қалдықтарды жеткізуге ерінеді деп ашынады. Кеше ғана қоқысты жинап, тазалап кеткен жер бүгін тағы шашылып жатыр дейді.

007
Бейнебақылау камерасының жазбасы

Ал көп қабатты үйлердің ауласында орнатылған бейнекамералардың ертелі-кеш нәтиже беретініне Еңбекші ауданының әкімдігіндегілер сенімді.

007+++
Бейнебақылау камерасының жазбасы

Қоқысты қалаған жерінде тастайтын тұрғындармен күресуге Еңбекші ауданы әкімдігі аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе кірісті. Ең күрделі деген аулаларда орнатылған бейнекамераларға түсірілген материалдар негізінде енді іс қозғалып, айыптылар жазаға тартылады.

Руслан Арыстанбеков, Еңбекші ПБ әкімшілік қызметінің бастығы: «Түсірілім жазбасы жинақталып, мониторинг жүргізіледі. Бейнекамераға түскен тұрғын міндетті түрде айыппұл төлейді. Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 19 820 теңге айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке қамалады. Егерде қоқыс тастау фактісі қайталанса, 15 тәулікке қамалады.»

Қалтасы қағылып, уақытша оқшаулау орнына қамалса, қоқысты кез келген жерге тастайтындардың қатары азаяр. Кінәні өзгеден емес, өзімізден ізеу керек дейді тұрғындар тәртіпсіз жерлестеріне.

Шынар Оразова