Комиссия мүшелері мектептерді аралады

604

Қала мектептері жаңа оқу жылына қаншалықты дайын? Білім мекемелеріндегі жұмыс сапасын қарап, анықтауға арнайы комиссия шықты. Оның құрамында қалалық мәслихат депутаттары мен ата-аналар комитетінің мүшелері бар.

Бұл жұмысшы топ Шымкенттегі төрт аудандағы 136 мектеп және мектептен тыс мекеменің оқушыларды қабылдауға қаншалықты дайын екенін көріп, кемшіліктер болса, хаттама толтырады.

005

Биыл Шымкенттегі 116 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 86 млн теңге бөлінген. Әр мекеме өзіне тиесілі қаржыєа ғимараттарды әктеп, сырлап, жылу жүйелерін қысқа сақадай сай етуі тиіс. Бұл жолы Әл Фараби ауданы бойынша комиссия оқушылар сарайы мен №6 мектепке барды.

Ал қаладағы 116 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына қала бюджетінен 86 млн тенге бөлінген. Іргетасы 1962 жылы қаланған №6 мектептің көктемдегі қатты желден шатыры зақымдалған еді. Еншісіне тиген ақшаға бірінші кезекте сол шатырды реттедік дейді мұндағы мамандар. Енді асхана мен дәрігерлер бөлмесін жаңартсақ деп отыр. 2014 жылы бұл мектепке қосымша ғимарат салынған. Алдағы жылы білім ошағының негізгі бөлігін күрделі жөндеуден өткізу де жоспарда тұр. Жұмысшы топ мүшелері жасалған жұмысқа қатысты сын ескертпелерін айтып кетті.

Ал кітапхана жұмысына қабылдау комисиясының көңілі толды. Кітапханашылар биыл алғашқы дайындық және төртінші сынып кітаптарын түгендеп алған. Енді 5,6,11-сынып кітаптарын аламыз деп күтіп отыр. Түзілген кесте бойынша оқулық 20 тамыздан беріледі. Бұл білім мекемесі «Атамұра» баспасының оқулықтарына тапсырыс берген екен.

Бұдан бөлек жұмысшы тобы оқушылар сарайындағы жұмыстарды көрді. Балалардың бос уақытын тиімді өткізетін орталық осыдан төрт жыл бұрын күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Жаз бойы мұнда сауықтыру лагері жұмыс істеді. Соған қарамастан мекеме ұжымы ғимаратты жуып, сырлап, жаңа оқу жылына сақадай сай етіп қойған. Оқушылар сарайына келгендердің «Достық» мұражайына бұрылмауы мүмкін емес.

Қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру, қабылдау тамыз айының 25-іне дейін жалғасады. Биылғы комиссия қатарында қалалық мәслихаттың депутаттары мен аудан әкімдігінің мамандары да бар еді. Уақыт таппаған болар алғашқы аралауда олар бой көрсетпеді.