Виктор Кумыков «Ордабасыдан» кетті

162

«Ордабасы» футбол командасының бас бапкері Виктор Кумыков қызметінен кетті. Бүгін белгілі болғандай, Виктор Балютович пен клуб басшылығы бірлесе осындай шешімге келіпті.

002

Кумыков «Ордабасының» бапкері болып биыл ғана тағайындалған болатын. Оның бастауымен жерлестеріміз Евролигада сынға түсті. Қазақстан чемпионатында алғашқы алтылықтан көрінді. Соңғы матчта алматылық «Қайратпен» кездесіп, ойын тең аяқталған. Енді Кумыковтың орнына отандық бапкер Бахтияр Байсейітов келуі мүмкін.