Бәйдібекке жыл соңына дейін газ қосылады

Бәйдібектіктердің үйіне жыл соңында газ қосылады. Жақында аудан орталығы Шаян ауылында жерасты газ құбырын жүргізу жұмыстары басталды. «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» магистралды газ құбырының құрылысы екі бағытта жүргізіледі.

010

Соның бірі арқылы алдымен аудандағы 11 елдімекен көгілдір отынға қосылмақ. Газ тарату стансаларының құрылысы облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің келісімі негізінде басталды. Облыстық бюджеттен бұл жұмыстарға алқашқы траншпен 110 млн теңге бөлінді.