Коммуналдық берешек мәселесі сотта да шешілер емес

403
3-энергоорталық

Табиғи газды мол жаққан «3-энергорталық» АҚ берешегін өтей алмай жатыр. Өйткені кәсіпорын өз кезегінде көп қабатты үй тұрғындарынан жылу ақысын өндіре алмай әлек.  Еңбекші ауданындағы бір ғана «Теріскей» шағынауданының жұрты жылу үшін  26 млн теңге қарыз.

3-энергоорталық
3-энергоорталық

Берешекті өндіру мақсатында тұрғындардың ісі сотқа да жолданыпты. Алайда соның өзі нәтиже бермей жатыр дейді мамандар. Естеріңізге сала кетейік, «3-энергоорталық» АҚ-ы өткен жылу беру маусымында көгілдір отын үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесіне 953 млн теңге қарыз.